Жалған сезім
Аңғал жүрегім көзсіз ғашық болды жаным саған,
Сол жалындап туған махаббатты жеткізе алмадым.
Ақиқат деп ойлап бұл қиял өмірді жалған,
Босқа өзімнің де, сенің де өміріңді жараладым.
Өмірдегі бақытқа үмітімді жоғалтқан кездерде,
Ұмытпаспын жүрегімді тербеткен сөздеріңді.
Өзіме үлкен шабыт болған қиын кездерде,
Шын өмірде көрмеген, сенің мөлдір көздеріңді.
Еш болмаған еді менде ондай сезім көркем,
Көктемде қызғалдақтай гүлдеп күнге ұмтылған,
Қыс келе екеуіміз де түсіне алмай, тірідей көмген,
Ұмыта алмаспын ғажайып сезімді, арамызда туған.
- Войдите или зарегистрируйтесь, чтобы получить возможность отправлять комментарии

